Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді. Жәңгір сұлтан мен Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір бастаған қазақ қолы Орбұлақтың қия беткейіндегі 800 қойтасты паналап ор қазып алып, жауын улы жебемен қарсы алады.